Атырау облысының кәсіпорындары жалақыны көтере бастады

119

Атырау облысында кәсіпорындар өз қызметкерлерінің қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша жұмыстарды бастады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жөніндегі тапсырмалар аясында өңірдің бірқатар компаниялары өз қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 10-нан 30% — ға дейін арттырды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникация қызметі хабарлайды.

Соңғы мәліметтер бойынша облыстың 1724 кәсіпорнында 10030 қызметкердің жалақысы 42,5 мың теңгеден төмен. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Жанахметтің айтуынша қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп жұмыс берушілер мен ірі ұйымдар арасында жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруге қатысты міндеттерді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде.

«Қасхим» ЖШС ди⁠ректоры Этибар Мамадовтың айтуынша ағымдағы жылы кәсіпорынның кейбір қызметкерлерінің жалақысын 12% — ға көтерді. Келесі жылы қалған қызметкерлер үшін 10-15% — ға өседі деп күтілуде.
Бүгінгі күні біздің қызметкерлер 66-75 мың теңге алады. Мен атап өткендей, келесі жылдың наурыз айынан бастап атқаратын қызметіне қарамастан біз кәсіпорында жалақыны 10-15% — ға көтеруді жоспарлап отырмыз, — деді Этибар Мамадов.

Бүгінде 2006 жылы құрылған «КасХим» ЖШС-де 180 адам жұмыс істейді. Компания полипропилен мен сусымалы өнімдерге арналған полиэтиленнен жасалған жұмсақ қаптаманың жетекші қазақстандық өндірушісі болып табылады.

«Caspian Contractors Trust Atyrau» компаниясы 2002 жылы құрылған. Құрылған сәттен бастап компанияның мамандануы мұнай-газ саласында жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау болып табылады. Сондай-ақ компания қазіргі уақытта металл құрылымдарын салу және өндірумен айналысады.

Біз Мемлекет басшысының саясатын қолдаймыз. Қазіргі таңда біз кәсіпорынның техникалық қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргіздік. Егер бұған дейін олар 35 мың теңге алса, бүгінде олардың жалақысы 55 мың теңгені құрайды, — деді Компанияның атқарушы ди⁠ректоры Мұрат Сқақов.

Компания қызметкерлерінің орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Алайда ірі жұмыс көлемін жүзеге асыру кезінде жалақы 300-350 мың теңгеге дейін жетеді. Бүгінгі таңда бұл компанияда 255 адам еңбек етеді.
«Жігермұнайсервис» ЖШС-гі жағдай туралы ди⁠ректордың орынбасары Тимур Қожақанов айтып берді.

Біздің көпбейінді кәсіпорында 380 адам жұмыс істейді. Біз еңбек жағдайларына да, оның лайықты төлеміне де көп көңіл бөлеміз. Біз қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша жұмыстар жүргіздік. Орта есеппен біздің қызметкерлер 180 мың теңгеге дейін алады. Ең төменгі жалақы 110 мың теңге деңгейінде, — деді Тимур Қожақанов. — Бұрын біздің қызметкерлер кем дегенде 80-90 мың алды. Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Келесі жылы да біз қызметкерлердің жалақысын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмысты жыл ортасында жүргіземіз деп ойлаймын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *