Келестегі спорт сайысы

123

Келес ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен  Абай ауылындағы №13 колледждің кіші футбол алаңында діни бірлестіктер арасында татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты спорттың кіші футбол түрінен сайыс өтті.

Сайысқа аудандық «Ешан ата» мешіті ұжымы және жамағаты, сондай-ақ №13 колледж ұжымы және Келес аудандық жастар ресурсттық орталығы мамандары топ болып командаға бөлініп сайысқа түсті. Сайыстың ашылу рәсімінде сөз алған аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Илесов сіздерді «Рухани келісім» күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты – рухани келісім мен татулықты сақтау болып табылады. Бұл мереке ең алдымен ауданымызды ауызбіршілікке, татулыққа, ізгілікке бастайтын мереке. Еліміздің болашағы үшін сыйластықты сақтай отырып жұмыс жасау керек екенінін атап өтті. Сондай-ақ мерекелік іс-шарада ауданық «Ешан ата» мешітінің имамы А.Садиковте жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, сайысқа қатысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

Келес ауданы,

Түркістан облысы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *