Junior Eurovision-2018 : Данэлия Төлешова үшінші болып сахнаға шығады

318

Минскіде 25 қарашада өтетін Junior Eurovision-2018 халықаралық байқауының финалында қатысушылардың қандай нөмірмен сахнаға шығатыны белгілі болды.

19 қараша күні Минскідегі «БелЭкспо» көрме орталығында жеребе тарту рәсімі өтті. Ал осыған дейін Қазақстан орталық коммуникациялар қызметінде Данэлия Төлешова мен оның халықаралық байқауға қатысуына үлес қосып, қолдау көрсеткен «Хабар» агенттігінің өкілдері байқауға дайындық барысы қалай жүріп жатқандығы және байқау шарттары туралы мәлімдеген болатын.

Жеребе тарту рәсімінде  Данэлия Төлешованың үшінші нөмірде өнер көрсететіні анықталды.

Жеребе қорытындысы:

1. Украина

2. Португалия

3. Қазақстан

4. Албания

5. Ресей

6. Нидерланды

7. Әзербайжан

8. Беларусь

9. Ирландия

10. Сербия

11. Италия

12. Австралия

13. Грузия

14. Израиль

15. Франция

16. Македония

17. Армения

18. Уэльс

19. Мальта

20. Польша

Junior Eurovision-2018 балалар байқауының финалы 25 қараша күні Астана уақытымен 21.00-де басталады. Көрермендер 23 қарашадан 25 қарашаға дейін Junioreurovision.tv сайтында қатысушыларға дауыс бере алады. Жалпы 5 елге дауыс беру құқығы берілген. Соның ішінде Қазақстан да бар. Дауыс беру нәтижесі гранд-финал трансляциясы кезінде жарияланатын болады.

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *