14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті

578

21 қарашада Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематографтың жарқын жұлдыздары қатысты.

14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің төмендегі жеңімпаздары  марапатталды:

«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:

Гран-при ең үздік фильм – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса

Үздік режиссер – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин

«Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:

Гран-при ең үздік фильм – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков

Үздік режиссер – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов

Үздік сценарий – «Шынар» (Туркия), режиссер Мустафа Карадениз

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Ең үздік актриса – Феруза Саидова «Әкем ауырып қалды» (Өзбекстан), режиссер Зульфикар Мусаков

Ең үздік актер – Ақылбек Абдықалыков, «Түңгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров

НЕТПАК арнайы жүлдесі – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлде – Сердар Гёкхан, актер (Туркия)

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *