Ресей Президенті қазақстандық актерді Достық орденімен марапаттады

512

Ресей президенті Владимир Путин Алматы қаласында орналасқан Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Юрий Померанцевті Достық орденімен марапаттау туралы жарлық шығарды, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Кремль» сайтына сілтеме жасап.
Аталған марапатты Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 85-жылдығына арналған  кеште Юрий Борисовичке Ресей Федерациясының Қазақстандағы бас консулы Евгений Бобров салтанатты кеште табыс етті.

Юрий Борисович Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте дүниеге келген. 1943 жылы Алматыға келген, себебі анасы осы жаққа эвакуацияланған. Юрий Борисович —  актер, режиссер, педагог, Қазақ КСР-інің халық артисі,  Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *