«Қазақстанның түркі тілдес халықтары» циклы бойынша түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді

672

Ертең, яғни 29 қараша сағат 17:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстанның түркі тілдес халықтары» циклы бойынша түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді. Бұл деректі туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген, — деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Мәдени іс-шара барысында жас документалист-режиссерлер түсірген келесі фильмдер көрсетіледі: «Жіп» (режиссері Надира Садуова), «Түстің дәмі» (режиссеріКамила Әбделдінова), «Чуваш халқы. Қазақстан – менің екінші отаным» (режиссері Динара Манабаева)және «Ата кәсіп» (режиссері Берік Жаханов).

Айта кетсек, жоғарыда айтылған фильмдер халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы, Абдуманат есімді өзбек қолөнер иесі туралы баяндайтын «Ата кәсіп» фильмі Алматыда қараша айының басында өткен «Бастау» халықаралық кинофестивалінде Ораз Әбішев атындағы «Үздік деректі фильм» жүлдесімен марапатталды.

Барлық фильмдерді қоюшы режиссерлер, сонымен қатар шығармашылық топтың өкілдері таныстыратын болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *