Астанада қысқа метражды фильмдер фестивалі басталды

487

28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елордада қысқа метражды студенттік фильмдер фестивалі өтеді. Көрсетілімге барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Бұл туралы  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Энтузиаст суретшілер тобы ұйымдастырған үш күндік фестиваль «Мәскеу» бизнес-орталығында өтеді. Бағдарламада 23 фильм көрсетіледі. «Астаналықтарға жастар киносы қызықты деген ойдамыз. Ертең осы жастардың біреуі үлкен экранға шығып кетер. Кім білген?! Оларға қазір қолдау керек. Ең әсерлі деген фильмдердің өзі де көрермен үшін түсіріледі емес пе», — дейді ұйымдастырушы тарап.

Фестиваль күндері: 28 қараша, басталуы сағат 19:00-де; 29 қараша – 18:00-де; 30 қараша – 18:00-де; 1 желтоқсан – 18:00-де.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *