Лука Модрич «Алтын доптың» иегері атанды

231

Мадридтік «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич әйгілі Лионель Месси мен Криштиану Роналдуды шаң қаптырып «Алтын доптың» игері атанды. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZGAZETA.KZ хабарлайды.

Биыл Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында ерекше көзге түскен хорватиялықты France Football журналы әлемдегі ең үздік футболшы деп таныған.

Журналистердің дауыс беру нәтижесінде екінші орын Португалия мен «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналдуғабұйырса, үшінші орында франциялық футболшы — Антуан Гризман.Төртінші орынға тағы бір француз аяқдопбшысы Килиан Мбаппе лайық деп танылса, талай жанкүйердің сүйікті футболшысына айналған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бесінші орынды қанағат тұтқан.

Ал ең үздік футболшы қыз атағын норвегиялық Аде Хегерберг жеңіп алса, Kopa Trophy –жүлдесіне Килиан Мбаппе ие болған.Еске сала кетейік, 10 жыл бойы «Алтын допты» тек Лионель Месси мен Криштиану Роналду ғана иеленіп келген болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *