Ерекше жандар үшін ерекше күн

193

«Прогресс» Политехникалық Колледжінің Мекемесінде мүгедек жандардың халықаралық күні аталып өтілді. 1992 жылдың 3 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 47-сессиясында ұйымның Бас ассамблеясы дүние жүзі бойынша аталып өтілетін Халықаралық мүгедектер күнін бекітті.

Алматы облысының Іле ауданында 3 000-нан астам мүгедек тұрады, олар іс жүзінде жұмыспен қамтылмаған, олардың жалғыз табысы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету және оларды қоғамға табысты кіріктіру мақсатында Іле ауданының аумағында көптеген жылдар бойы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әртүрлі кәсіптерге оқытуға бағытталған «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) мен «Прогресс» политехникалық колледжінің бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. Біріншіден, бұл осы санаттағы азаматтарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға, өзінің әл-ауқатын арттыруға және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, екіншіден, олардың қоғаммен табысты ықпалдасуына септігін тигізеді.

Жоба аясында түрлі мамандықтарға оқыту бағдарламалары іске асырылу үстінде. Бүгінгі күні жоба бойынша ерекше қажеттіліктері бар 30 адам келесідегідей мамандықтар бойынша оқытылуда: тігінші, наубайшы, аспазшы, массаж маманы, аяқ киім тігу шебері, сабын қайнату шебері, компьютерлік сауаттылық. Кәсіби оқытуға қосымша білім алушылар арасында ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында шағын бизнесті дамыту мектептері мен қызығушылықтар бойынша клубтар ұйымдастырылды. Кез келген өндірілетін өнімнің жоғары сапасы, қолжетімді баға санаты шегінде және әлеуетті сатып алушыларда сұранысқа ие болуы үшін оқыту курсының ажырамас бөлігі ретінде ойластырылған маркетингтік компоненттерді енгізу өмірлік маңызды фактор болып табылады.

Кәсіптік оқытудың қолжетімділігі ерекше қажеттіліктері бар білімді/ білікті адамдар санының өсуіне кепілдік береді, және оларда өз кезегінде, жұмысқа орналасу үшін ең жақсы перспективалар қалыптасады. Бұл әсіресе, жұмыспен қамту мәселе болып есептелетін ауылдық жерлерде қалыптасқан ағымдағы жағдайға байланысты өзекті.

Жанна Телпекбаева, «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры:

— Ерекше қажеттіліктері бар жандарды оқытудағы өз жеке тәжірибемнен оқыту процесінде оларда қоғамға қажеттілік, әлеуметтік іске асыруың маңыздылығы мен перспективаларын түсіну қалыптасатынын сеніммен айта аламын. Бұл жоба мүгедектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, өз жолын табуға және пайдалы әрі қаржылай тәуелсіз болуға мүмкіндік сыйлайды.

Жобаны жүзеге асырудың 8 жылы ішінде «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы 40 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді, бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі адамдарды түрлі мамандықтарға оқытуға, мұғалімдердің жалақысына, курсты оқытуға арналған материалдарды алуға бағытталды. Айта кету керек, жобаны іске асырудың 8 жылы ішінде 240 адам оқытылды, олардың барлығы сәтті жұмысқа орналасты немесе өз кәсібін ашты, сондай-ақ қоғамға интеграцияланды.

Бүгінгі таңда аталмыш бағдарламаның 60 түлегі «Мега» және «Спутник» сауда-ойын-сауық орталықтарындағы киім және аяқ киім жөндеу шеберханасына; Алматы қаласының есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған өндірістік бірлестігіне; киім және арнайы киім тігу компанияларына жұмысқа орналастырылды. 40 адам жеке кәсіпкер атанды және үйде тігінші ретінде жұмыс істейді; 10 адам «Прогресс» политехникалық колледжінде тігін шеберханасында қызмет етеді. Олар өз өнімдерін біздің компаниямен және Іле ауданының басқа да кәсіпорындарымен ұйымдастырылған жәрмеңкелерде сатады. 7 адам үйде pleurotus (вешенка) саңырауқұлақтарын өсіреді. Айта кету керек, біз серіктестерімізбен бірге саңырауқұлақтарды өсіру, сақтау және өткізу жолдары мен әдістері бойынша ұсыныстар алу үшін азық-түлік дақылдарын өсіру саласындағы ғылыми мекемелерді тарттық; қазіргі уақытта 10 адам жеке тапсырыстарды орындай отырып, нан-тоқаш өнімдерін үйде пісіреді; 20 адам «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының оқыту бағдарламасы арқылы өз бизнесін ұйымдастыру саласында оқудан өтті.

Ринат Заитов, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы:

«Филип Моррис Қазақстан» қоғамдастықтардың дамуын қолдауға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырады – бұл ерекше қажеттіліктері бар жандарды қолдау, жұмыссыз жастарды қайта мамандандыру және кәсіптік-техникалық оқыту, ауылда агробизнесті дамыту және т.б. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, «Филип Моррис» компаниясы Қазақстанда қайырымдылық қызметін кеңінен жүргізуде. Әлеуметтік проблемаларды шешу және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жобаларды іске асыру үшін Қазақстандағы компания инвестицияларының жалпы көлемі 1993 жылдан бастап 8,200,000 АҚШ долларын құрады.

2018 жылдың маусым айында «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кәсіптік білім беру» жобасы Американдық сауда палатасы (AmCham) ұйымдастырған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік жобаларды марапаттау салтанатында «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» аталымында үздік деп танылды. Жоба «Қоғамдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды табысты әлеуметтендіру мен интеграциялау үшін мамандықты міндетті алғышарт ретінде алу» моделінде негізделген. Бұл жоба «Филип Моррис Қазақстан» және «Прогресс» Политехникалық колледжінің бірлескен бастамасы болып саналады.

Дамеш Танашева




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *