Дәурен Абаев: Газеттер өзектілігін жоғалтпайды

229

ҚазАқпарат — Бүгін Парламент Мәжілісінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев тілшілерге баспасөз басылымдарына мәжбүрлі жазылу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz. 

«Мәжбүрлеп жаздыру қадамдарын қолдамаймын. Атап айтқанда, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту үшін жағдай жасауымыз керек. Яғни адамдар қолжетімді түрде осы газеттерді сатып алу үшін мүмкіндіктер жасалуы қажет. Екіншіден, қызықты контент үшін де қолайлы жағдай тудыруымыз керек. Осы орайда ерікті түрде ғана жазылу қадамын қолдаймын», — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін. Оның пайымынша, газеттер өзінің өзектілігін жоғалтпайды. «Менің ойымша, газеттердің өзектілігі жоғалмайды. Осы орайда зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, адамдар газетті оқуға, ондағы көтерілген мәселені тереңірек түсінуге көбірек уақыт жұмсайды. Егер онлайн мақаланы адамдар көз жүгіртіп 40 секундте шолып шықса, ал газетте 10 есе ұзақ оқиды. Бұл өз кезегінде жарнама берушілер баспасөз басылымдарын көбірек таңдайтынын білдіреді»,-деді Дәурен Абаев. Бұл тұрғыда ведомство басшысы бүгінде республикалық газеттер мазмұндық жағынан айтарлықтай ілгерілей түскенен атап өтті.




One thought on “Дәурен Абаев: Газеттер өзектілігін жоғалтпайды

  1. Лаура

    Газеттер осы уақытта өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әлі де жоғалтпайды да. Өйткені, ол қазақтың көзі, құлағым һәм тілі болып қалады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *