Түркi iскерлiк кеңесiнiң отырысы өтті

360

Түркi iскерлiк кеңесiнiң отырысы Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы Бағдад Әмiреевтiң төрағалығымен 2018 жылы 14 желтоқсанда Ташкентте өттi, — деп хабарлайды Түркi кеңесi Хатшылығы.
Түркі кеңесінің мүше мемлекеттері және Өзбекстан мен Түрікменстанның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палаталары төрағалары мен аға лауазымды тұлғалары Түркi кеңесiнiң Бас хатшысы Бағдад Әмiреевтiң төрағалығымен өткен Түркi iскерлiк кеңесiнiң отырысында бас қосты.

Аталған кездесуге Түркия Республикасының Сауда палатасы және тауар биржасы Одағының президенті Рифат Хисар Хисарджиклыоглу, Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев, Әзербайжан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер ұйымдары конфедерациясы Бас хатшысының орынбасары Фуад Хумбатов, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, Өзбекстан Республикасының Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының кеңесшісі Фозил Отажонов және Түрiкменстан Республикасының Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Довлетгелдi Реджепов қатысты.

Бас хатшы Әмiреев, 2018 жылдың 3 қыркүйегінде өткен Түркі кеңесінің 6-шы Саммитінде Түркi iскерлiк кеңесiнiң отырыстарын Өзбекстанда ұйымдастыру туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтың ұсынысын еске сала отырып, өзiнiң сөйлеген сөзiнде Өзбекстан басшылығына көрсеткен шексiз қонақжайлығы үшiн ризашылығын білдірді. Қырғызстандағы соңғы Саммитте мемлекет басшылары берген тапсырмаларына тоқталған Бас хатшы туркiтiлдес мемлекеттер арасында игерілмеген сауда әлеуеті және өңірдегі сауда көлемін одан әрі арттыру жолында жеке сектордың басым рөлін атап өтті.

Аймаққа инвестициялауға мүдделі басқа серіктестермен ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере отырған Тараптар алдағы түркі іскерлік форумы мен 2019 жылы өтетiн Түркi iскерлiк кеңесiнiң отырысы туралы пiкiр алмасып, өзара инвестициялар және сауда саласындағы ынтымақтастық тетіктерінің институционализациясы жөнiнде алдағы қадамдарды талқылады.

Түркi iскерлiк отырысына Бас хатшының орынбасары Өмер Коджаман және Жоба директоры Өзге Пан да қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *