Балалар ойыншықтары аса қауіпті

1178

Балалар ойыншықтарының көп бөлігінде қауіпті канцерогенді  металл бар.

Плимут университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары күнделікті қолданыстағы заттардан, оның ішінде пластик ойыншықтардан, керамикалық бұйымдар мен бояулардан кадмий ауыр канцерогенді металлының жоғары деңгейін  анықтады. Кадмий ашық қызыл, қызғылт-сары немесе сары түстерді алу үшін қолданылады. Дегенмен уақыт өте келе, бояқтың сыртқы қабаты заттардан кете бастайды. Бұдан бөлек, ауыр металл қайта өңдеу барысында шыны бұйымдарға түсуі мүмкін.

Әр түрлі ережелерге сәйкес, кадмийдің қоршаған ортадағы мөлшері миллионға шаққанда 50-800 бөлшектен аспауы керек. Алайда кейбір заттардың бетіндегі кадмий мөлшері рұқсат етілген немесе ұйғарынды деңгейден көп есе асып кеткен.  Металлдың ең жоғары деңгейі ескі және жаңа бөтелкелер мен стақандардың бетінен анықталған. Есесіне кадмий логотиптер мен суреттерді шығару үшін қолданылатын бояулардың құрамынан анықталған. Ол сондай-ақ керамикадан ең жоғары мөлшерде табылған. Яғни миллионға шаққанда 40 мың бөлшек. Ал ескі пластмассадан жасалған бұйымдарда табылған мөлшері миллионға шаққанда 35 мың бөлшекті құраған.

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *