Қазақстанда цифрлық фабрикалар ашылады

266

2025 жылға дейін тау-кен-металлургия саласында 140,2 млрд теңгеге 14 цифрлық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды инвестициялар және даму министрлігі .

Ведомствода мәлімденгендей, аталған жобалардың экономикалық ықпалы 239,8 млрд теңге көлемінде болмақ. «Цифрландыру жобасы бойынша өткен жылы үш жоба іске асырылды. 2018 жылы тағы үш жоба аяқталады», — деп атап өтті министрлік.

Ведомствода мәлімдегендей, ERG өз бағдарламаларынан 2025 жылға қарай 147,88 млрд теңге, ал Қазмырыш 2022 жылға дейін 840 млн теңге күтіп отыр. Сонымен қатар, операциялық шығындар 10 процентке төмендейді деген болжам бар.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша тау-кен-металлургия кешенінде асырылатын ірі жобаны жүзеге асыру жоспарларының бірі – өндірісті атоматтандыруға бағытталған, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында модельдік цифрлық фабрикалар құру. Министрлікте атап өткендей, қазақстандық өндіріс бұл бағытқа әлі де жеткілікті деңгейде қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұған себеп – компаниялардың экономикалық тиімділікті дұрыс түсінбей отырғаны және білікті кадрлардың жетіспеушілігі.  Дегенмен модельдік цифрлық фабрикаларды 2020 жылға дейін құру жоспарда бар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *