Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы «Атамекен» ҰКП СҚО бойынша Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты

222

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары О.А. Бектенов Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысына қатысыты. Бұл туралы СҚО Өңірлік Коммуникация қызметі хабарлайды.

Отырысты Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Қ. Қалиев ашып, күн тәртібінде СҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша Департаменттің өзара іс-қимылы және «Градкадастр» жобасын әзірлеу барысы туралы мәселелер қарастырылды.

Бірінші сұрақ бойынша Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.А. Қазиев сөз алды. Ол Департамент пен Палатаның бизнес субъектілері өкілдерінің өтініштерін қарау кезінде және бірлескен алаңдарда тығыз ынтымақтастықты белгіледі. Оның ішінде, Жеңіс Абайұлы төрағасы болып табылатын Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының және мүшесі ретінде қатысатын Арнайы мониторингтік топтың қызметі. Іс-шара барысында қатысушыларды бірқатар сұрақтар туынды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласы, жосықсыз өнім берушілермен жұмыс істеу, мүдделерін қолдау, және бағалардың демпингі бойынша.

«Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр республикалық орталығы» РМК аймақтық өкілі М.С. Иманов «Градкадастр» жобасын әзірлеу барысы туралы атап өтті. Жоба магистральдық желілерінің барлық иелерін, бос учаскелерін және заңсыз иеленуді анықтауға мүмкіндік береді. Жоба бойынша картаны әзірлеуі 2019 жылы аяқталады.

Агенттіктің Төрағасының орынбасары аталған жоба барлық мемлекеттік салаларда сыбайлас жемқорлық құралын азайтуға жол ашады. Сонымен қатар, Олжас Абайұлы халық үшін қолайлы жағдай туғызу және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында қоғамдық бақылауды жандандыруға мәселелерге жоспарланған, «Қызылжар – адалдық алаңы» және кәсіпкерлер мен инвесторлардың заңды құқықтарын қорғайтын «Protection business and investment» жобалардың іске асыруында бизнес өкілдерінің маңызды рөлін атап өтті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *