Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» ашылады

383

Алматы қаласының барлық аудандарында 2020 жылдың соңына дейін арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» ашылады. Әзірге  Алмалы ауданында жұмыс істейтін жалғыз орталық ашылған күннен бастап жарты жыл ішінде шамамен 6 мың адамды қабылдады. Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Қазір бұл жер келушілердің сұрауларына орай кеңейтілуде. Орталықта егде жастағы барлық адамдарды қамтитын «Қолжетімділік картасы» арнайы базасы іске қосылды.«Бұл Алматыдағы қарт адамның жалпы «бейнесін» жасауға көмектесетін әлеуметтік сауалнама. Әрбір сауалнаманы толтырғаннан кейін қалалық билік органдары мен қайырымдылық ұйымдары егде жастағы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін статистикалық деректерді пайдалана алады. Өйткені, олардың әрқайсысы бір нәрсе үйренуге, яғни пайдалы уақыттарын дұрыс жұмсауға ниет білдіруде», — дейді Орталық директоры Әсия Ақанова.

Орталықта ай сайын өтетін «Келіңдер, үйренейік» атты демалыс клубы ашылған.
Орталық басшысының айтуынша, орталықтың мақсаты — егде жастағы адамдарға сапалы демалу, жаттығу және дене белсенділігін қамтамасыз ету. Бұл жерде, кітапхана, шахмат ойнайтын зал, компьютерлік сауаттылық және смартфондармен жұмыс, сондай-ақ йога мен скандинавтық серуендеу қарастарылған. Айына бір рет зумба және бейнелеу өнерінен сабақтар өтеді. Сонымен қатар  тегін заңгерлік, психологиялық, медициналық кеңестер беріліп, мотивациялық семинарлар және шеберлік сағаттары өткізіледі.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *