ДОҢЫЗ жылы туралы

1810

Алтайлықтар — ғақай, телеуітше — чочко, түркі тілдерінің көпшлігінде — тоңғуз деп аталады. Орхан, Күлтегін ескерткіштерінде «лағзын» деп аталған. Ал «Құтадғу білігте» «Доңыз» жылы деп аталған. Доңыз, тоңғуз, доңғуз деген көне түркі сөзі. Түркі жұртына ислам келмей тұрғанда солай аталған. Доңыз жылын Өзбекстан мен еліміздің кейбір аймақтары «Қара киік жылы» деп те атайды. Қазақтың жыл қайыруы бойынша 12 мүшел бар. Мүшелді есептеу — «Тышқан» жылынан басталып, «Доңыз» жылымен аяқталады.
«Құтадғу біліг» — біздің басты жазба ескерткіштеріміздің бірі. Сол заманнан бері өзгермей келе жатқан жыл санаудағы «Доңызды» «қабанға», басқа да балама атауға айырбастамайықшы. Бір бұзылып кетсе, қайтып түзету қиын болады. Ата салтымыз, қазақы қалпымызды сақтағымыз келсе, бабалар аманаттап кеткен мұраға адал болайық!

Нұртөре Жүсіптің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *