70 мыңға жуық маңғыстаулық жоғарылатылған жәрдемақы алады

443

Маңғыстауда 168 мың адам әлеуметтік төлем алады. Олардың 70 мыңға жуығына 1 қаңтардан бастап  жоғарылатылған жәрдемақы  беріледі, — деп хабарлайды  kazgazeta.kz  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Асыраушысынан айырылуына байланысты 5364 адамға, 10335 көпбалалы анаға, 21600 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  алатын тұрғынға, мүгедектігі бойынша 20193 адамға жоғарылатылған жәрдемақы  беріледі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің МО департаменті басшысының орынбасары Айжамал Қалмағанбетованың айтуынша, тағы да өңір бойынша бала күтіміне байланысты демалыстағы 5059 әйелге ай сайынғы жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 5000-дай адамға өсірілген жәрдемақы берілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *