Енді арзан пойыз билеттерін кері қайтарғанда жолаушылар айыппұл төлемейді

575

«Жолаушылар тасымалы» АҚ арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастады.

Шара жолаушылар тарапынан түскен өтініштер негізінде қолға алынған. «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30 сәуіріндегі №545 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында темір жол көліктерімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдау ережесінің» №255 тармағына сәйкес, құны 3 500 теңгелік билетті қайтару кезінде 1 000 теңгелік комиссиялық төлем алынады. Аталмыш шара билеттерді заңсыз қайта сатумен күресу мақсатында қолға алынған. Осыдан барып билеттерді қайтару деңгейі 30 пайызға төмендеген еді», — делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында. Компания алдағы уақытта жолаушылардың сұранысын қанағаттандырып, сервисті жақсарту мақсатында осы бағыттағы жұмысты жалғастырмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *