XV халықаралық Жәутіков атындағы олимпиада мәресіне жетті

507

Алматыда Жәутіков атындағы XV халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды kazgazeta.kz  тілшісі.

Биылғы жылы аталмыш олимпиадаға  Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен 538  оқушы қатысты. Олар математика, физика және информатика пәндерінен бес күн бойы білімдерін сынға салды. Сондай-ақ,  биыл алғаш рет АҚШ пен Дания мемлекеттерінен дарынды балалар қатысты. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 50 алтын, 72 күміс, 121 қола медаль табысталды. Жеке рейтинг бойынша математикадан болгариялық, физикадан Ресей, информатикадан Грузия оқушысы үздік деп танылды. Командалық есепте олимпиаданың гран-при жүлдесі Челябі қаласының №31 лицейінің оқушыларына бұйырды. Ал бірінші орынды Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика мектебі иеленді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *