«Bazin Flower School» халықаралық флористика Мектебінің филиалының Астана қаласындағы филиалы ашылады

937

2019 жылғы 18 қаңтар күнгі сағат 16-00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінде ресейлік әйгілі флорист-дизайнер Иван Базиннің тірі гүлдерден жасалған ұлттық және сәндік көйлектердің флористикалық шоуы көорсетіледі.

Сонымен қатар «Bazin Flower School» халықаралық флористика Мектебінің филиалының Астана қаласындағы филиалы ашылады.

Флористика өнерінің халықаралық көрмесі 2019 жылдың 16-18 қаңтары аралығында өтеді. Бұл көрмеде Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Қазақстан мен Ресей флористерінің шығармашылығын тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Көрменің басты мақсаты флористиканы көркемөнердің бір тармағы ретілде насихаттау, жиналғандардың алдында флористердің тірі гүлдермен жанды байланыс пен жұмысын жан-жақты көрсету, отандық флористиканы дамыту, осы салада жаңа таланттардың есімін табу, флористикадағы бағыттарды айқындау, гүл бизнесі өкілдерімен тығыз байланыс орнату, флористика өнерін насихаттау болып табылады.

«Әсемдікке Құштарлық» жобасы аясында «Bazin Flower School» халықаралық флористика Мектебі көрмесі студенттер мен оқушылар арасында флористикадағы шеберлік жөнінен оқулар ұйымдастырады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *