Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреев ресми сапармен Мажарстанға барды

634

2019 жылғы 15-16 қаңтарда Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев Будапешт қаласына (Мажарстан) ресми сапармен барды. Сапар барысында Бас хатшы Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто және Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті.

Бұл сапар, Бас хатшының Мажарстанның Түркі кеңесінде бақылаушы мәртебесін алған күнден кейін (2018 ж. 3 қыркүйекте Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммитінде) Мажарстанға жасаған алғашқы ресми сапары. Кездесу барысында тараптар, Түркі кеңесі мен Мажарстанның арасындағы ынтымақтастығын дамыту және алдағы кезеңде ұйым тарапынан жүзеге асырылып жатқан ынтымақтастық жобаларына Мажарстанды қосу бойынша практикалық қадамдарды талқылады.

Бас хатшы Әмiреев Мажарстанның Сыртқы істер және сауда министрі Сийярто мен Мемлекеттік жиналысының төрағасы Кёверге Түркі кеңесінің барлық ынтымақтастық бағыттары және алдағы министрлер мен сарапшылар деңгейіндегі кездесулер күнтізбесіне қатысты ауқымды ақпарат берді. Бас хатшы сондай-ақ, Мажарстанның тиісті министрлерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көлік, бiлiм беру және туризм салалары бойынша 2019 жылдың алғашқы жартысында мүше мемлекеттерде өтетін министрлер кездесулеріне шақырды.

Бас хатшы Мажарстанның Сыртқы істер министрі және Мемлекеттік жиналысының төрағасына, Түркі кеңесінің ең басында БҰҰ және оның БҰҰ Өркениеттер альянсы, БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы басқармасы, БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымы сияқты құрылымдық бөлімшелері және Ислам Әріптестік Ұйымы, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы сияқты көптеген беделді халықаралық ұйымдармен тығыз серіктестік қарым-қатынас орнату арқылы халықаралық аренада абыройы артқанын атап өтті. Тараптар сонымен қатар, БҰҰ Бас ассамблеясы және Ислам ынтымақтастығы ұйымында бақылаушы мәртебесін алуына байланысты Түркі кеңесінің өтiнiшi туралы пікір алмасты.

Мажарстан 2010 жылдан бастап «Шығысқа ашылу» атты жаңа сыртқы саяси бағыты туралы ақпарат берген Сыртқы істер министрі және Мемлекеттік жиналысының төрағасы Мажарстан мен Түркітілдес мемлекеттер және Түркі кеңесі арасындағы тығыс ынтымақтастықты дамытудың жоғары маңыздылығын және Мажарстан мен Түркi мемлекеттері ынтымақтастығында жаңа дәуірді ашуға дайын екендерін мәлімдеді. Мажарстанның Түркі кеңесінде бақылаушы мәртебесін алуы жағынан Чолпан-Атадағы саммиттің маңыздылығына тоқталған Бас хатшы Мажарстанның байқаушы мәртебесін алғанымен Түркі кеңесі өзінің алғашқы кеңеюін жүзеге асырып, аталған саммиттің ұйым үшін тарихи оқиға болғанын атап өтті.

Тараптар Мажарстанның Будапешт қаласында Түркі кеңесінің өкілдігін ашу жөнінде ұсынысын жан-жақты талқылады. Сыртқы істер министрі және Мемлекеттік жиналысының төрағасы, Түркі кеңесінің Будапешт қаласындағы өкілдігінің ашылуы кеңестің Мажарстанмен ғана емес, сондай-ақ Еуропа одағы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Вышеград тобы және басқа ұқсас еуропалық ұйымдармен де қарым-қатынастарын нығайтатынын және ұйымның Еуропадағы танымалдығын арттыратынын хабарлады. Тараптар сондай-ақ, өкілдіктің Мажарстан мен ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі академиясы және Түркі мәдениеті және мирасы қоры тәрізді түркі ынтымақтастығы ұйымдары арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

Әмiреев, Сийярто мен Кёверге 2019 жылдың 3 қазанында Әзербайжанда өтетін Түркі кеңесінің 7-шi саммиті туралы ақпарат берді. Тараптар сондай-ақ, Түркі кеңесінің бауырлас Өзбекстан және Түрікменстанмен жалғасып келген ынтымақтастығы туралы пікір алмасты.

Сапарға орай Түркия Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмет Акиф Октай 2019 жылдың 15 қаңтарында Бас хатшы Әміреевтің құрметіне мүше мемлекеттердің Төтенше және өкілетті елшілері, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілі және Мажарстанның ресми тұлғаларының қатысуымен қонақасы берді.

Түркі кеңесінің Бас хатшы орынбасары Өмер Коджаман және Жоба директоры Али Чивилер де ресми сапарға қатысты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *