Қазақстандық ролик 2018 жылғы саяхат туралы видеолардың үздік ондығына енді

555

Қазақстан туралы жарнамалық ролик туризм туралы жазатын танымал ресейлік Tutu.ru сайтының тұжырымы бойынша 2018 жылғы үздік бейнежазбалардың бірі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

«Біз қайда ұшып барамыз?» атты танымал ролик Kazakh Tourism  мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің былтыр қыркүйектегі тапсырысы бойынша Euronews телеарнасында көрсету үшін түсірілген. Ол қазақстандықтар арасында танымалдылыққа ие болып, шет елдерге де кеңінен таралды.  Tutu.ru ресейлік сайтының тұжырымы бойынша 2018 жылғы саяхат туралы видеолардың үздік ондығына кірді. «Туристік бағыттағы жарнамалық роликтер — жеке видеожанр. Әдетте олардың бәрі бірдей болып келеді: табиғаттың сұлу бейнесі, коптерден түсірілген таспалар, тамақтарды жақыннан түсіру, күлімсіреген қыздар. Бұл роликтің авторлары қай елдің жарнамаланып жатқанын соңына дейін айтпайды. Сіз «осы әсем сұлулықтың» қайда екенін табуға ұмтыласыз. Соңында білген кезде таңғаласыз», — деп жазды сайттың бас редакторы Тимур Юсупов.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *