«Батыс» өңірлік қолбасшылығында роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығулары өтуде

455

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының әскери бөлімдеріне 2018 жылдың көктемінде шақырылған сарбаздарымен тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде, — деп хабарлайды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Рота-тактикалық топтардың оқу-жаттығулары Ақтау мен Ақтөбе қаларының маңында орналасқан «Оймаша» және «Есет батыр» әскери полигондарында күндізгі және түнгі уақыттарда өткізілуде. Жаттығулардың басты мақсаты мен тапсырмасы – біріктірілген бөлімшелер мен құрамалардың ортақ тапсырманы орындау кезіндегі үйлесімділігін бағалау, рота-тактикалық топ құрамында жұмыс жасауды үйрену және осындай біріктіріліген топты басқару кезінде командирлердің машықтылығы мен тәжірибесін арттыру болып табылады.

Рота-тактикалық топтардың құрамы, оларға қойылған тапсырмаға байланысты жасақталады. Бұр ретте олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін орындап, шабуылдау амалдарын пысықтаумен қоса, басқа да іс-қимылдарды жасайды. Осы оқу-жаттығуды өткізу барысында қосымша түрде жеке құрамның ротаның тірек пунктін инжинерлік жасақталуы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс пен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі бойынша сынақтарды тапсыру қарастырылған. Мотоатқыш және теңіз жаяу әскері роталарының оқу-жаттығуларын өткізу кезінде, оларға танк, артиллерия және қамтамасыз ету бөлімшелері беріледі. Бұлардың барлығуна рота командирі жеке тапсырма қойып, оларға басшылық етуіне байланысты, бұл рота-тактикалық тобы деп аталған.

Аталмыш оқу-жаттығуларды өткізуге арналған уақыттың 24 сағаты жауынгерлік ұрыстың динамикасын пысақтауға біріледі, оның ішінде 30% түнгі уақытта өткізуге бөлінген. Рота-тактикалық топтардың оқу жаттығулары 25 қаңтарда аяқталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *