«Мейірімділік керуені» акциясы жалғасуда

686

Республикалық қайырымдылық бастамалар байқауы жалғасуда, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылдың қараша айынан 2019 жылдың ақпан айы аралығында еліміздің аумағында «Мейірімділік керуені» байқау-акциясы өтуде. Науқан ҚР Тұңғыш Президенті қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Хабар» мен «КТК» телеарналар қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Шара мақсаты – қайырымдылық идеяларын насихаттау және дамыту, белсенді азаматтық бастамаларды қолдау.
«Біздің мақсат – маңызды жетістіктерді, белсенді азаматтардың еңбегін көрсету. Олардың қайрымды істері елеусіз қалмауы тиіс, ондай азаматтарды жастар және халық тануы тиіс», — деді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа әлеуметтік проблемаларды шешуге өз үлестерін қосып, сол арқылы өзге азаматтарға үлгі болып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
«Біз өз Отанына, өзінің туған жеріне, адамдарға риясыз қызмет етіп көмектесіп жүрген осындай адамдарды таныстырғымыз келді. Біздің Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығында ондай мысалдар бар. 25 жыл бұрын Өскеменде Татьяна Ивановна Цветкова «Барлығы рахмет үшін» атты әлеуметтік дүкен ашты, онда адамдар өздеріне керек емес таза киімдерді тапсырады. Ол киімдер көмекке мұқтаж отбасыларға тегін таратылады. Ол дүкен әлі де істеп тұр, ол басқа аймақтарға үлгі болды», — деді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.
Конкурсқа жеке немесе заңды тұлғалар қатыса алады. Ал мемлекеттік қолдаудың арқасында өтетін кәсіпкерлер субьектісі мен азаматтар қатыса алмайды (мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік грант т.б). Өтінімдер бес аталым бойынша қабылданады. «Асар» аталымы  қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлерді дамытуға қз үлесін қосып жатқан адамдарды ынталандыруды көздейді. «Туған жер» аталымы – туған өлкеге білім беру саласында, экология және абаттандыру бағытында қайырымдылық көмек көрсетушіге, «Батыл жүрек» аталымы ерлік, қайсарлық танытқан азаматтарға беріледі. «Мейірім жолында» аталымы қайтарымсыз көмек көрсеткен, қайырымды жандарға беріледі. «Қайрымдылық тарихы» аталымы қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударуға атсалысып қайырымдылық тақырыптарға қалам сілтейтін және жариялайтын журналистерге беріледі. Әр аймақтан бес үміткер ұсынылып, олардың қатарынан бес лауреат анықталады. Жеңімпаздар ақпан айының соңында – Алғыс күнін мерекелеу қарсаңында марапатталмақ.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *