Ғылымға құштар жастар

341

Елімізде жастар білім-ғылымға ұмтылып келеді. Тіпті,  осы саланың қарышты дамуы үшін, Елбасының өзі нақты тапсырмалар берді. Күні кеше ғана өткен  «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуында да ғылым мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ал одан бөлек айтылған ойлардың жалғасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен студенттік форумы талқылады. Жетекші университеттің студенттері Қазақстан жастарын «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» инновациялық және ұлттық жастар қозғалысына қосылуға шақырды.

Бір алаңда 2 мыңнан асқан жастар – студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жас ғалымдар, стартаперлер, кәсіпкерлер мен еріктілер жиналды. Пікірлермен және тәжірибелермен алмасу Президент айтқан барлық негізгі бағыттар бойынша өрбіді. Талқылаудың басты бағыты білім экономикасын құруға жастарды қатыстыру жолдарын табуға арналды.

Форумды ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов: «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жаңа формацияның жас толқыны өсті. Ел Президенті мен мемлекет оның қалыптасуына және дамуына көп үлес қосты. Мемлекет тәуелсіздігін нығайтудың жауапкершілігі мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру және әлемдік деңгейде ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда  жастарға  аса зор жауапкершілік пен үлкен үміт жүктеледі», — деп атады.

Мемлекет басшысы жастар алдына қойған тапсырмаларды орындауға студенттер қандай үлес қоса алатындары жайлы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ олар 4.0 индустриясын құруға бағытталған жеке идеялары мен инновациялық жобаларын ұсынып, стартаптарды іске асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Форум жұмысының қорытындысы ретінде «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – елдің инновациялық дамуы үшін» ұлттық жастар қозғалысын құру жөніндегі бастамасы ұсынылды. Студенттер ел жастарын қозғалысқа белсенді қатысуға және бар білімін, қабілетін, шағырмашылығын креативті идеяларды, жобаларды және инновацияларды жасауға және енгізуге арнауға  шақырды.

«Ұлттық жастар қозғалысын қалыптастыру мақсатындағы аталмыш тәжірибе негізінде  «Жастардың шығармашылығы мен күш жігері – еліміздің инновациялық дамуы үшін» ұранымен жоғарыда аталған байқауларды республиканың барлық жастары арасында жыл сайын өткізу тәжірибесін қарастыруды ұсынамыз», — делінген ҚазҰУ студенттерінің үндеуінде.

Форум қатысушылары ұлттық жастар қозғалысы Қазақстан студенттерінің жалпы қолдауына,  Қазақстан көлемінде жүйелі негізде жүзеге асырылуы жастардың жаңа идеяларының, жобалары мен шығармашылық бастамаларының тұрақты ағынын қамтамасыз ететініне, оның кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасап, болашақта жеке инновациялық кәсіпорындарын құруға ынталандыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің 1-курс докторанты:

-Бакалавриат бөліміне оқуға түскенде үлкен ғылыми жобаларға қатысып, еңбек етімін деп ойламаппын. Себебі, мен де қарапайым студент болдым. Бірақ та, кафедрадағы оқытушы-профессорлардың басшылығымен және өз еңбегіміздің арқасында үлкен жобаларға жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Біздің жобамыздың негізінде, университетімізде бірінші рет «ғарыштық  техника және технологиялар мектебі» құрылып, нәтижесінде, ел тарихында алғаш рет наножерсерігін ғарышқа ұшырдық. Олар 2017 жылы ақпан айында «Al-Farabi-1», ал 2018 жылы желтоқсан айында «Al-Farabi-2» наножерісігі еді. Аталмыш наножерсеріктер университетіміздің ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беру саласында сәтті пайдалануда.

Әлемнің ең үзік университеттерінде ғана — ғарышқтық зерттеу институттары бар. Демек, ҚазҰУ әлемдік беткеұстар университеттің көрінісі ретінде, ел тарихындағы ЖОО-да көш бастап тұр. Бұл наножерсеріктері 10 келілік кіші ғарыштық аппараттар ғана болса, қазіргі таңда 100 келіге дейінгі микрожерсеріктерін ғарышқа ұшыру жоспарлауда. Осы жобаны жүзеге асыруда біз білікті, еңбекқор студенттер мен жас мамандарды қатарымызға қосылуға шақырамын. Бұл жұмыстарда компьютерлік графика, бағдарламалау, мәліметтерді сараптау бағыттарында жұмыс жүргізілуде. Осы бағыттар бойынша, студенттер жұмысқа орналаса алады. Жастар — жас кезінде иілгіш. Ол кез-келген нәрсені игеруге, дамытуға биім болады. Сондықтан да, сіз де ғылымға келе аласыз. Ғылым сізді -күтеді!

Қанат ТУЛЕНОВ,

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс постдоктранты:

-Биылғы оқу жылында елімізде бірінші рет ҚазҰУ-да ашылған постдокторантура бағдарламасының қатысушысымын. Осыған үлес қосқан университет ректоры, академик Ғ.Мұтановқа алығыс білдіремін. Мен ғылымдағы жолымды осы ҚазҰУ-да 2009-2010 жылдары бастадым. Бірақ, бұл оңай жол емес. Десек те,  бізде оған көптеген мүмкіндіктер бар.

Ғылым жолында адамға нық мақсат керек. Сол жолға шыдай білетін шыдамдылық, төзімділік ең қажеттісі. «Математика» мамандығын оқып жүргенде, ғылыми семинарлар болатын. Менде «Ғалым боламын» деген нық мақсат болды. Мәселен, магистратура оқып жүргенде, бізге шет мемлекеттерден мықты профессорлар дәріс оқуға келетін. Біз солардың дәрістеріне қызығып қатысатынбыз. Олар әр мемлекеттен келгендіктен, ғылымның кейбір жаңа салаларын айтып жататын.

Біз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елден білім алдық. Ол жақта жүріп ғылыми мақаламыз жарық көрді, әрі диссертациямызды  жазып қайттық. Ары қарай, докторантураға түстік. Ғылым жолын қудық. Шет елдердегі сияқты, бізде де осы постдокторантура болса дейтінбіз. Сол арманымыз да сәтті орындалды.

Постдокторантура-өзіннің ғылыми жұмысынды жалғастыру. Ол жерде арнайы оқу жоқ. Тек ғылымды терең дамытуға берілген үлкен мүмкіндік. Менің өткен де, қазіргі де, келешектегі де мақсатым — әлемдік дәрежеде өз саламның маманы болып, Қазақстанда сол сала бойынша мектеп қалыптастыру.

Қазақ халқы әнші-биші, күйшіден кем емес, бірақ қазаққа ғалым да керек. Біз дамыған елдің қатарына кіру үшін, бізден мықты-мықты ғалымдар шығуы тиіс. Сол ғалым болатын азаматтар, біз секілді, сіз секілді — жастар!

Зәмзәгүл ХАМЗА,

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 2-курс студенті,

«Болон үдерісі бойынша студенттік бюро» ұйымының белсенді мүшесі:

 -Адам өмірге не үшін келеді? Жай ғана «дүниеден өту» үшін келмейді, нақты, мағыналы өмір сүріп, артынан өшпес із қалдыру үшін келеді. Біздің әр әрекетіміз — мемлекетіміздің болашағын қалыптастырады. Сондықтан, оған жауапкершілікпен қарау керек.

Білімді, жігерлі, талапты, талантты жастар ғана, елдің ертеңін гүлдендіре алады. Оның алғашқы қадамдары университеттен, өз оқу орныннан басталады. Сондықтан, өз біліміңді барынша шыңдап, адал өмір сүргенің дұрыс. Сол ғана, сені биікке шығарады, жетістікке жетелейді. Адал болу-адамдық келбетің. Адам болу-өмірінің мәні, мағыналы ғұмырынның көрінісі. Сондықтан, білімді, майталман елдің жастары болайық!

Дастан ҚАСТАЙ,

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 3 курс студенті,

Президенттік шәкіртақы иегері,

Жастар ұйымдары комитетінің белсенді мүшесі:

— Қазақстанның жаңа заманауи қалпын қалыптастыруда, біздің ҚазҰУ жастарының маңызы айрықша. ҚазҰУ- әрбіріміз үшін мол мүмкіндіктер мекені. Артық айтқандық емес, университетіміздегі қайсыбір орталықты алсақ та, мен мұңдалап өзінің көмегін тигізуде.

Біз өз-өзімізді дамытайық, санамыз ашық, әрі терең. Біздің барлығымызды біріктіретін бір құдіретті күш бар, ол ұлттық университеміздің қабырғасында қашалған — ұлттық мүдде. Осы мүддеміз берік болған жағдайда, біздің еліміздің жастары қашанда потенциалы жоғары, әлемдік ареналарда биік белестерден көріне береді деген сенімдемін. Жасай беріңіздер!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(суреттерді түсірген автор)




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *