Қазақстанға Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті келді

374

Қазақстанға алғаш рет халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс ресми сапармен келді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

Халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы  Астанадағы заманауи паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысымен танысты. Кейінірек, ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.  Зүлфия Ғабидуллина, Александр Колядин секілді параспортшылар аталған жиынға қатысты.

«Менің Қазақстанға алғаш рет келуім, осы ретте алған әсерім ол бөлек әңгіме.  Ал бүгінгі тақырып параспортқа арналғандықтан оның сіздерде бар екеніне көзім жетті. Қазақстандағы параспорт дамуының нәтижесі, халықаралық паралимпиададағы жетістіктерден білуге болады. Сондай-ақ, халықаралық стандартқа сай паралимпиадалық орталықтарыңыз бар. Біз өз тарапымыздан Қазақстанның паралимпиадалық ұлттық комитетімен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз. Соның бір дәлелі осы жазда Астанада пара пауэрлифтингтен өтетін әлем чемпионаты», — деді Эндрю Парсонс.

Алдағы уақытта паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, Қазақстанның соңғы жылдардағы халықаралық аренада қол жеткізген жетістіктері мен елімізде паралимпиаданы одан әрі ілгерілету мәселесі сөз болады деп күтілуде. Халықаралық паралимпиада комитеті  құрамына әлемнің 180 ұлттық паралимпиадалық комитеті кіреді, оның ішінде біздің ұлттық паралимпиадалық комитетте бар.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *