Алматыда қалыңдығы 30 сантиметрге жететін қар түсті

440

Алматыда таңға дейін қалыңдығы 30 сантиметрге жететін қар түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің Жасыл экономика басқармасы.

Хабарламада: «Бүгін таңертеңгі 08:00-ден бері қалада жауған қардың қалыңдығы 20 см-ге жетсе, таулы аймақтарға 30 см-ге жуық қар түскен. Қарды тазалауға 574 техника жұмылдырылды. Мердігер ұйымдар көшелерге көктайғақтың алдын алу үшін 3 100 тонна құм төкті. Күндіз 718 арнайы техника мен 2,2 мың жол жұмыскер шықты«, — делінген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *