Видео ойындар денсаулыққа пайдалы

986

Ғалымдар видео ойындар мидағы сұр заттың ұлғаюына ықпал етеді деген тұжырымға келді.

Nature журналында жарияланған зерттеуе сәйкес, видео ойындар адам миындағы сұр заттың көлемін ұлғайта алады. Сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады.  Ғалымдар геймерлер мен видео ойындарды сирек ойнайтындардың миын зерттеп көрген. Нәтижесінде видео ойындарды жиі ойнау мен мидағы сұр заттың көлемінің өзара байланысы анықталған. Зерттеуге видео ойындарға тәуелді 27 ойыншы мен видео ойынды анда-санда ғана ойнайтын 30 адам қатысты. Бұған дейін ғалымдар компьютерлік атыс ойындарының ми қызметін жақсартатынын анықтаған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *