ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

233

Сайлаудан жеңіп шыққан Мирзаев Бегімқұл Сапарханұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Иіржар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бегімқұл Сапарханұлы 1974 жылы қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туылған. 1991-1997 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында агрономия мамандығы бойынша білім алып, ғалым-агроном квалификациясын иеленген.

Еңбек жолын 1996 жылы Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты «Ырысты» ауыл шаруашылық копперативінде бригадир болып бастады. 1998 жылдан бастап «Мырзакент» акционерлік қоғамында сарапшы, агроном-куратор қызметтерінде еңбек етті.

2015 жылға дейін «Ақан» шаруа қожалығында, кейіннен «Қаз мақта – 2010» шаруа қожалығында агроном болып жұмыс істеді. Одан кейін Төле би ауданында аудандық-аумақтық инспекцияның бас маманы – өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы лауазымын абыроймен атқарды.

Иіржар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғанға дейін ҚР АШМ АӨК МИН «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚО Мақтаарал аудандық филиалының басшысы болған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *