Түркістанда емдік туризм қолға алынуда

279

Әлемде туризм саласымен экономикасын көтеріп отырған ел көп. Бүгінде елімізде де осы саладан пайда табу жолдары жыл өткен сайын жанданып, қатары көбейіп келеді. Оны елімізге туристердің келу үрдісінің ұлғайғанынан байқауға болады. Олардың көпшілігі Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтау және Түркістан қаласына келеді.

Бүгінгі уақытта Түркістан облысында өңірлік мәдени турзм де, табиғи эгологиялық туризм де болғандықтан, қызығушылықтың деңгейі жоғары.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, өткен жылы облысқа қарасты, Түлкібас ауданында 16 мың 658 турист келіпті. Оның ішінде 813 шет ел азаматтары. Жалпы 32 нысан 340,6 млн. теңгеге сапалы қызмет көрсетіп, көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған. Демек, бір аймақтың көрсеткішінен-ақ, аталмыш саладағы жақсы нәтижелерді байқауға болады.

Әкімдіктің статистикалық мәліметіне сүйенсек, табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында жұмыс істейтін  «Жайлау» емдеу сауықтыру орталығы жобасының жалпы құны 347  млн. теңгені құрап отыр. Ал, сыйымдылығы 100 орын болатын орталықта  жаңадан 50 жұмыс орны ашылмақ. Аталмыш жоба 2019 жылы іске асып, 2000 турист қамтылады деп жоспарлануда.

Саумалмен емдеу орталығы («Нұрлыхан» ШҚ) жобаның жалпы құны 340  млн. теңге,  сыйымдылығы 50 орын.  Жаңадан 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл  жоба 2019 жылы іске қосылып, 1500 турист қамтылмақ. Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн. тенге қаржы қарастырылып,  қазіргі таңда 55 млн. теңге  бөлінді. Сонымен қоса,  сыйымдылығы 70 орындық «Этно Парк» құру жобасы бар. Жобаның жалпы құны – 417 млн теңге. Жаңадан 30 адамға жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

 Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *