ТҮРКІСТАННЫҢ ЕМХАНАЛАРЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҮШІН «АШЫҚ ЕСІК» КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

517

Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көпбалалы аналарға арналған «Ашық есік» күндері өтуде. Аталған шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің  ұйымдастыруымен қолға алынды. Бұл туралы Түкістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Ашық есік» күндері аясында дәрігерлер көпбалалы аналарды ақысыз медициналық тексеруден өткізіп, медициналық сараптамалардан өтуге шақырады. Бұған дейін “Ашық есік” күні Сарыағаш, Арыс, Шардара, Түлкібас, Бәйдібек аудандық орталық ауруханаларының емхана бөлімінде өтті. Емдеу орталықтарында жоспарланған ана мен бала денсаулығын жақсарту және медициналық қызметке қол жетімділікті арттыру мақсатында ауқымды шаралар өтіп жатыр. Медициналық және әлеуметтік психологиялық көмек жүздеген көпбалалы анаға жалпы тәжірибелі дәрігер, гинеколог, психолог, невропатолог, педиатр, хирург, травматолог-ортопед мамандары қабылдап, ем көрсетуде.

Айта кетерлігі, Түркістан облысының барлық аудандық емханаларында көп балалы аналар кезектен тыс қабылданады. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі негізінде дәрігердің нұсқауымен дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда әрбір аудандық ауруханада 10 арнайы палата жұмыс істейді. «Ашық есік» күндері шарасы наурыз айының соңына дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *