Елімізде тұңғыш рет «Ұлттық өнер» факультеті ашылды

775

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы мақсат – міндеттерді іске асыру аясында, халқымыздың рухани құндылықтары мен тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениетімізді өркендету мақсатында елімізде тұңғыш рет «Ұлттық өнер» факультеті ашылды. Бұл туралы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз бөлімі хабарлайды.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров алғы сөзбен ашты.

Қадірменді ағайын, құрметті қонақтар! Бүгінгі шараны біздің ұланғайыр мемлекетіміздің мәдени кеңістігінде, рухани өміріндегі ерекше бір елеулі оқиға деп ойлаймын! Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлт өнері мен мәдениет жолдарының ұлықтаудың бүкіл механизмдері көрсетілген. Сол көтерілген мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін, осы факультетті ашу, қажеттілігі туындады.

— Мінекей, сіздер мен біздер болып, тұңғыш рет құрылған «Ұлттық өнер» факультетінің тұсауын кесіп отырмыз! Елімізге танымал ұлттық музыкалық өнерімізді, ұлттық мәдениетімізде, дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, шәкірттер тәрбиелеп жатыр. Енді, осы сәтті пайдалана отырып, бірінші наурыз алғыс айту күні. Сондықтан, біздің еліміздің мәдениетіне, өнеріне руханиятына «Рухани жаңғыру» мақала бағдарламасы арқылы, осы «Ұлы даланың жеті қыры» деген тарихи мақаласы арқылы серпін беріп, әрқашан қолдау білдіріп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтуымыз керек!– деді, академия ректоры Асхат Маемиров.

Шараға Қазақтсанның Халық артисі Сара Тыныштығұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов, Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов, Отырар сазы оркестрінің көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева және Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынов өз сөзінде:

Жаңадан ашылып жатқан бұл «Ұлттық өнер» факультеті ел мәдениеті үшін айтулы оқиға. Жастар жылында жастарға жол ашып жатқандарыңызға дән ризамын. Бұл қазақ өнерін бүкіл әлемге паш етуге, үлкен мүмкіндік!- деп Пернебек Момынұлы жүрекжарды лебізін білдірді.

Шара барысында қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев Ақан серінің өзі қолданған домбырасын қолға алып автордың репертуарындағы әндерін шырқата салды.

Республикамызда тұңғыш рет арнайы ашылып отырған «Ұлттық өнер» факультетінің ғұмыры ұзақ болуын тілейміз!




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *