Түркі кеңесінің Бас хатшысы Әбу-Даби қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы отырысына қатысты

575

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев 2019 жылы 1-2 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы отырысына қатысты, — деп хабарлайды kazgazeta.kz Түркi кеңесi Хатшылығына сілтеме жасап. 

Түркі кеңесінің Бас хатшысы «Ислам Ынтымақтастығының 50 жылдығы: өркендеу мен даму үшiн жол картасы» тақырыбына арналған ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-шы отырысына қатысты.

Әбу-Дабиде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров, Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен кездескен Бас хатшы, Түркі кеңесінің атқарып жатқан жұмысы мен биыл Әзербайжанда өтетін Түркі кеңесінің алдағы саммитіне байланысты дайындық мәселелерін талқылады.

Бас хатшы Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен екі жақты кездесу өткізіп, 2018 жылдың 3 қыркүйегінде Чолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммиті барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелi Шавкат Мирзиёевтiң де атап өткендей, Өзбекстанның әсiресе экономика саласында белгiлi ынтымақтастық жобаларына қатысуы туралы пікір алмасты.

Бас хатшы сондай-ақ Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің халықаралық ұйымдар бойынша орынбасары Әбдiрахман Аль Рисси мен Египет Сыртқы істер министрінің орынбасары Эхаб Мохамед Мостафа Фаузимен Түркі кеңесі мен ИЫҰ аясында орнатылған қарым-қатынастар туралы әңгімелесті.

Сонымен қатар, Бас хатшы Бағдад Әміреев Мұса Кулаклыкаяны (Түркия) ИЫҰ Бас хатшысының қаржылық және әкімшілік істер бойынша көмекшісі және Асқар Мусинов (Қазақстан) ИЫҰ Бас хатшысының ғылым және техника мәселелері бойынша көмекшісі лауазымдарына тағайындалуларына орай құттықтап, жаңа қызметтерінде табыстар тіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *