Эфиопиядағы апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмаған

585

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. 

«Эфиопиядағы ұшақ апаты салдарынан 33 мемлекеттің азаматы қаза тапты. Олардың ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Президентіне көңіл айту жолдау хатын жіберді», — деді Айбек Смадияров ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *