Наурыз мерекесінде Алматыда ұлттық тағамдар таратылады

1168

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамында Алматыда 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады, деп хабарлайды  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл наурыз мерекесінде қалада дәстүрлі мерекелік тағамдар  — көже мен бауырсақ таратылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын дәмді көжемен тойдыруға Алматы қаласының пәтер иелері коперативтері де атсалысатын болды. Мереке 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21сәуірге дейін жалғасады. Жоспар бойынша 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады. Ұлттық дастарханнан бөлек қаланың жеті ірі аймағында халық серуендері ұйымдастырылмақ. Онда келушілер ұлттық дала асханасының өзге де тағамдарынан дәм тата алады, Алматының 40 мейрамханасы өздерінің үздік фирмалық тағамдарын ұсынатын болады.

Мерекелік күндер наурыздың 21-нен 24-не дейін жалғасып, ашық аспан астында фестиваль үлгісінде өтеді. Ал халық серуендері қаланың 7 жерінде қатар өтеді: 22,23 — Астана алаңында; 21-24 — Панфилов, Жібек жолы көшелерінде; 22 —  «Halyk Arena» Мұз сарайында; 22 наурызда —  «Алматы Арена» Мұз кешенінде; 22 наурызда —  «Атакент» ҚІЫО; 23 наурызда — «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешенінде.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *