«Хабар» телеарнасы Қанат Бейсекеевтің «Qazaq boks stıli» деректі фильмін ұсынады

313

13 наурыз күні «Сарыарқа» ОСО «Kinopark» кинотеатрында режиссер Қанат Бейсекеевтің «Qazaq boks stıli»деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті.  Шараға журналистер, блогерлер, режиссердің жанкүйерлері мен танымал спортшылар Айдар Махметов, Бақтияр Артаев және промоутер Илья Пустогачев қатысты.

         Америкада өмір сүріп жатқан қазақстандық боксшылардың тағдыры туралы деректі фильм «Хабар»  телеарнасынан 16 наурыз күні сағат 22.00-де көрсетіледі.

«Хабар» телеарнасы спорт саласына көп көңіл бөліп келеді, әсіресе боксшыларымыздың жетістіктерін көрермендеріміздің назарынан тыс қалдырғымыз келмейді. Сондықтан Данияр Елеусінов, Фируза Шарипова, Батыр Жүкембаев және басқада спортшылардың  кәсіби алаңдағы жекпе-жегін көрсетіп жүрміз. Сонымен қатар режиссер Қанат Бейсекеевпен бірлесе отырып америкадағы жас боксшылардың жетістігі туралы деректі фильм түсірдік», — дейді «Хабар» телеарнасының Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.

         Картинаның басты кейіпкері — жас боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2013 әлем чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы) кәсіби бокстағы мансабын бастау үшін өзінің жеке менеджері Берік Сұлтанмен АҚШ ұшып келеді. Боксшы  ең үздік боксшылардың мүддесіне қызмет ететін Боб Арумның «Top Rank» промоутерлік компаниясымен келісімге келеді.

Сондай-ақ картинадан Мадияр Ашкеев, Сағадат Рахманқұл, Асқат Уалиханов, Мейрім Нұрсұлтанов сынды боксшыларымызда көрсетіледі.

Деректі фильмнің авторы және режиссері Қанат Бейсекеев. Осы уақытқа дейін автор 30-ға жуық деректі картиналар түсірген. Оның ішінде  «BALA», «Бруклендік полицей», «Көршілер» және т.б. туындылар бар.

         «Үнемі боксшылар туралы фильм түсіргім келетін. Сол себепті қазақтардың америкаға баратындығы жөнінде естіген соң, олардың өмір жолдарын бақылап жүрдім. Олар Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімге қол қойған кезде бұл туралы фильм түсіру керек деген ойға келдім. Жігіттердің жеңіс жолындағы оқиғасын көрсеткім келді. Бұл мен үшін өте маңызды жоба», — дейді Қанат Бейсекеев.

Картина «Хабар» арнасының эфирінде сенбі күні (16 наурыз) сағат 22.00-де көрсетіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *