Қауіпті дәрілер анықталды

608

Кейбір дәрілік заттар асқазанға орасан зор зиянын тигізеді.

Ішек микробиомы триллион микроағзалардан құралған. Олар адамның иммундық жүйесін реттейді. Микробиом әр түрлі болған сайын, иммундық жүйенің қызметі де жақсара түседі. Алайда антибиотиктерді қабылдау ішек микрофлорасын бұзады. Лондон ғалымдары антибиотиктерді қабылдаудың салдары денсаулық үшін аса ауыр болатындығын дәлелдеді. The Telegraph басылымы жазғандай, ғалымдар тобы төрт түрлі танымал антибиотиктердің бір курстық емінен кейін адам ағзасында болатын  ішек микробиомы құрамының өзгерістерін болжайтын компьютерлік үлгі жасап шығарды.

Ғалымдар ципрофлоксацин, клиндамицин, миноциклин және амоксициллин дәрілерінің әсерін зерттеген. Едәуір ауытқулар ципрофлоксацин мен клиндамицин дәрілік препараттарын қолданғаннан кейін байқалған. Әдетте бұл дәрі-дәрмектерді зәр шығару жолдары, тері және тыныс алу жолдарының жұқпаларында белгіленеді. Аталған дәрілердің емдеу курсынан кейін адамдарда микробиом құрамы азайып, пайдалы бактериялар шоғыры төмендеген. Микробиомның зақымдануы микроағзалар құрамының  біржола өзгеруіне әкеледі. Сондықтан дәрігерлер емделушілерге дәрі-дәрмектерді таңғайындағанда осыны ескеруі керек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *