Жарқын жоба

354

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында студент-жастарды қолдау, таланттарын ашу мақсатында «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ҚБ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚазҰУ ректоры  Ғалым Мұтанұлының «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Сұңқар кубогы Smart student’s project» чемпионатының гранд финалдық кезеңі өтті.
«Smart student’s project» чемпионатының тақырыбы елбасымыздың өткен жылғы 5 қазанындағы жолдауында жарияланған «Жастар жылы» аясында өрбіп, ҚазҰУ өмірінен сыр шерті. Жобаның шымылдығы «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы белсенділерінің орындауында «Smart student’s project» гимнімен ашылып, қатысушы командалардың флэшмобымен жалғасты. Гранд финалдық кезең қатысушылары «Ақпен бірге», «Эверест», «Физтех», «Брэнд», «Музыканттың қойын дәптері» командалары болды. Жобаның маусымашар кезеңінен бастап іріктелген осы 5 команда өнер сүйер көпшілікке өз деңгейінде керемет ойын үлгісін көрсетіп, 3 кезең: «Preface» — сәлемдесу, ойыншылардың интеллектуалды-логикалық деңгейін бағалау(сұрақ-жауап), жұлдызбен үй тапсырмасы бойынша сынға түсті. Жобаның мақсатына сай командалар өздерінің білімділіктерімен, логикалық ойлау қабілеттерімен көрермен қауымды тың жаңалықтарымен тәнті етті. Командаларға өзінің әділ бағасын беріп, төрелік еткен әділқазылар қатарында «Bugin Group» холдингінің директоры Айбек Қуатбаев, танымал әншілер Айгүл Қосанова және Дидар Қаден, Жайдарман-2014 чемпионы, сценарист, актер Қасымов Абылайхан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Талғат Болатұлы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ҚБ төрағасы Шұғыла Мейрамбекқызы болды.
Жоба нәтижесінде жүлделі III орынды филология және әлем тілдері факультеті, «Brand» командасы еншіліп, Шарын шатқалына жолдама алды. II орынды география және табиғатты пайдалану факультетінің «Эверест» командасы иеленді. Бұл командаға «Ыстықкөл» спорттық-сауықтыру орталығына жолдама бұйырды. 2019 жылдың «Smart student’s Project» чемпионатының жеңімпаз командасы физика-теxникалық факультетінің «Физтеx құрамасы» болды. Жеңімпаз команда «BuginGroup»  xолдингі ұсынған 200 000 теңгені қанжығаларына байлады. “Сұңқар кубогы» Smart student’s project чемпионатында жүлделермен қатар номинациялар табыс етілді. «Ең үздік ойыншы» номинациясына шығыстану факультеті, «Музыканттың қойын дәптері» командасының ойыншысы Ермаxан Шыңғыс ие болып, Дубай қаласына жолдама алды. «Miss SSP» номинациясын «Brand» командасының ойыншысы Фадеева Марина еншілеп, «Rozaline jewerly» зергерлік үйінің сыйлығына ие болды. «Mister SSP» номинациясын Нұрлыбек Жаппар еншілеп, «Coolwatch lordtimes» ұсынған атаулы сыйлыққа ие болды. «Үздік капитан» номинациясы «Ақпен бірге» командасының капитаны Рахимбаева Лаураға табысталып, Нұр-Сұлтан қаласына жолдама алды. Жеңімпаздарға жетістіктер желкенінде қалықтай беріңіздер демекпіз.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанұлының қолдауымен өткен жобаның финалдық кезеңі Алматы қаласы белсенді жастары мен кеш қонақтары, өнер жұлдыздарының көзқарасы бойынша жоғары деңгейде өткендігін дәлелдей түсті. «Сұңқар кубогы» Smart student’s project чемпионатының финалдық кезеңінде жоғарыдағы демеушілермен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадио кешені түсірілім жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық қолдау көрсетті. Креатив пен жаңашыл идеяға, әдемі әуен мен жаhандық жаңалықтарға, ҚазҰУ атмосферасы турасында шынайы шартарапқа құрылған командалардың ой жүйесіне жобаның гранд финалдық кезеңіне келген көрермен қауым, арнайы қонақтар, ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамы жоғары баға беріп, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының алдағы ағымдық жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нұрсәуле Идаят,

ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің 3 курс студенті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *