Жас ақындар мүшәйрасы өтті

385

Түркістан облысының Мақтарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, Мақтарал ауданы әкімдігінің және аудандық маслихат депутаттарының қолдауымен 6 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауы аясынды және «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына орай «Елбасы Жолдауы — басты бағдар» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға 25-35 жас аралығындағы мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер қатысып өз бақтарын сынады.

Мүшәйраға арнайы келген қонақтар: Мақтарал ауданының әкімі Б.Асанов, Мақтарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев, Мақтарал ауданының қоғамдық келісім ұйымының төрағасы С.Мелдеханов, Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, Мақтарал аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық маслихаттың депутаты Б.Абилов құттықтау сөзге шығып, мүшәйраға қатысушы барша үміткерлерге сәттілік пен толағай табыстар тіледі.

Тартысты өткен мүшәйраның қорытындысына сәйкес жеңімпаз болған және бірінші орын алған үміткерлерге сайысымыздың бас демеушісі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас директоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері И.Үмбетаевтың арнайы сыйлықтары теледидар және Мақтарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың атынан тағайындалған мадақтама қағаздарымен марапатталды. Екінші орын алған екі үміткерлеге де кір жуатын машинамен мадақтама қағаздары және үшінші орын алған үміткерлерге де қысқа толқынды пештер мен мадақтама қағаздары Мақтарал ауданы әкімдігінің және аудандық маслихат депутаттарының атынан табысталды және ынталандыру сыйлықтары, яғни бес үміткерге номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудан деңгейінде өткен жас ақындар мүшәйрасын Мақтарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов өз сөздерімен қорытындылап, барлық үміткерлерге толағай табыстар тіледі.

Серік Әуесханов




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *