Туған күн тойлау қайдан шықты?

323

           Белгілі «Happy Birthday to You» әнінің АҚШ-та авторлық құқығы қорғалады екен. Ол әнді отбасы немесе достар арасында әдеттегідей айта берсек болады. Бірақ коммерциялық түрде пайдалану үшін, мысалы, фильмде немесе құттықтау ашықхатында ақша белгілі бір қаражатты  төлеу қажет. Жыл сайын бұл ән компанияға  2 миллион доллар табыс әкеледі.

          Туған күндер мен мерейтойларды тойлау дәстүрі адамзаттың тұманды өткеніне тамырымен кетеді. Алғашқы рет Ежелгі Мысырда, Ежелгі Греция мен Римде туған күн атап өтілген. Бірақ бұл қарапайым емес , тек жоғары лауазымды адамдарға қатысты болды.

           1 жас, 18 жас, 30, 50  сияқты айтулы жылдар жердің көптеген бұрыштарында атап өтіледі. Соның ішінде ерекшесі «алтын туған күн» деп аталады. Адамның туған жылы мен туған күні сәйкес келгенде, дәл осы алтын туған күн тойланады. Мысалы, адам 21 наурызда дүниеге келді. Демек, оның алтын туған күні 21 жасқа толғанда келеді. Егер сіз осы күнді өткізіп алсаңыз, қорқынышты ештеңе де жоқ.

       Әр туған күн-ұмытылмас мереке ұйымдастыру мүмкіндігі! Мысалы, Данияда туған күн иесінің құрметіне ұлттық туды іліп қою жағымды. Сондай-ақ, кішкентай жалаушалармен атаулы тортты безендіреді.

       Латын Америка елдерінде папье-машеден немесе пинат деп аталатын материалдан жасалған жануардың үлкен фигурасы ілінеді. Ол  фигура кәмпит пен тәттілерге толы. Африкалық тайпалардың қанды сынақтары туралы стереотиптерге қарамастан, бұл мереке олардың жасампаз бастамасы болып табылады. 22 сәуір күні атап өтілетін «Дүниежүзілік Жер» күнін ең ауқымды туған күн деп атауға болады. Бұл – өмірдің Әнұраны, көктем мен гүлденудің басы делінеді. Сіз де мен сияқты туған күніңізді күтесіз бе?

Наргиз БЕКЕН




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *