ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

3434

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толды. Бұл мақала қоғамда үлкен сілкініс туғызып, ел руханиятына оң серпін берді. Осы екі жыл ішінде Түркістан облысында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде өңірде жобалар нақтыланып, тиісті жоспарлар түзілген. Түркістанды рухани әрі мәдени орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстардың тұжырымдамасы жасалды. Соған сәйкес, Қ.А.Ясауи кесенесіне жақын тұста рухани-мәдени және туристік нысандар салынып, туристер саны артпақ. Құрылыс ЮНЕСКО рұқсат еткен аумақтарда жүргізіледі. Түркістан қаласында әлемде қайталанбайтын, жоғары сапалы ұлттық қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығын салу жоспарда бар.Ірі сауда орталығы да бой көтермек. Мұнда отандық өнімдер, өз шеберлеріміздің бұйымдары сатылады. Одан да өзге жобалар қолға алынады. 

Сонымен бірге, әр салада айрықша жетістіктерге қол жеткізген тұлғалармен «Түркістан төрінде» деген атаумен хабарлар ұйымдастырылады.

 2017 жылы облыс аумағында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жұмысын бастап, алдағы жоспарлар жүйеленді. Жұмыстар нақтыланды. Сарапшылар кеңесі құрылды.  Алғашқы жылдың өзінде 800-ден астам елді мекенде 4 мыңнан аса іс-шара өткізілді.

 «Ажарлы үй – ырысты» жобасы аясында аудан, қалаларда ерікті жастар көмекке зәру 786 отбасының аулаларын тазалап, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты. Аудан, қалаларда «Тал күні» акциясы өткізіліп, 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге 21 бағыттағы туристік маршруттар ашылды. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті.

 

     

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *