«Жұмыртқадан жүн қырыққан»

1770

«Жұмыртқадан жүн қырыққан» Үкімет пен Елдің жайын ойламайтын депутаттар назарына!!!

Осы жылдың 1 сәуірінде мақұлданған Атаулы әлеуметтік көмек туралы ҚР Заңы ұмытпасам 15 сәуірде күшіне енеді. Күшіне енбей тұрғанда мына бапты алып тастау керек!

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін отбасылардың КІРІСі ретінде мыналар саналады:

1.Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы. Күлесіз бе жылайсыз ба?! Оны кіріс деп санағанда не ойладыңыздар екен?Енді Аналар жаңа туған нәрестесіне қарамай жұмыс істеуге мәжбүр болады! Қоғам болып Ана баласы үш жасқа келгенше үйде бала күтімімен отырсын, оған жәрдемақы төленсін деп талап етіп жатқанда, бұларыңыз не?

2. Мүгедек баланы бағуға берілетін жәрдемақы. Дені-қарны сау баланы бағу қандай мехнатты екенін білесіздер. Ал мүгедек баланы бағып- қағу оңай ма, Үкімет-ай?!

3. Несие. Осы жылдың (2019) қаңтар, ақпан, наурызында алған несие кіріс ретінде саналады! Адамдар жетіскенінен несие алмайды. Қазір жұрттың бәрінде (депутаттарды айтпағанда) несие бар. Несие және жоғары пайызбен беріледі. Несие отбасы үшін қып-қызыл шығын. Енді оның өзін кіріс деп санау кімнің ғана миына келді екен?!

4. Алимент. Кіндігінен тараған баласына болмашы қаражатты төлемей қатын сияқты қашып жүрген әкелер қаншама?! Бұл ақша әйелге емес балаға қарау үшін беріледі. Үкімет те депутаттар да баланың жайын мүлдем ойлап отырған жоқ!

5. Зейнетақы. Адамдар жылдар бойы жұмыс істеп бейнетінің зейнетін көргісі келеді. Еңбекақысынан салық төлейді, енді келіп оны кіріске санау, не деген ақымақтық?!

6. Жеке қосалқы шаруашылық (ЛПХ). «Адамдарға балық бермей қармақ беру керек, кәсіпкерлікті жаппай дамыту керек» деп сарнаймыз биік мінберлерден. Егер адамдардың бақшасындағы алма ағашы мен қорадағы тауығын санайтын болсақ қайтіп кәсіпкерлікті, фермерлікті дамытамыз, ойландыңыздар ма?!

Кеше АӘК ке құжат тапсыруға барғанда, тауы шағылып, жылап шығып жатқан қаншама ананы көрдім. Сол Аналардың бейнесі маған ұйқы бермей жатыр!

Мейрамхан Жәпек-тің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *