Журналистерге арналған әскери-спорттық ойын өтеді

593

23 сәуірде Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығында Алматы қаласының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен әскерилендірілген квест (әскери-спорттық ойын) өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау. Егеменді еліміздің айбынды Армиясының жетістіктерін насихаттау.
Квест бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 1-ші кезең. ҚӘ ӘИ оқу орталығымен таныстыру, курсанттардың ату дайындығы бойынша практикалық сабақтарын көрсету, Т-72 танк қару-жарағынан штаттық снарядпен ату, взводтың жауынгерлік ату жаттығуларын көрсету.
2-ші кезең: Журналистер арасында әскери-спорттық ойын-эстафетасын өткізу. Әскери-спорттық ойын-эстафетасы келесі жарыс түрлерінен тұрады: тактикалық сұрақтарды шешу, карталармен жұмыс жасау, сонымен қатар жылдамдық қозғалысын, бұзылған баспалдақты, қабырғаны, лабиринтті өту, оқ-дәрілермен жәшікті көтеріп жарға түсу, сымды кедергілерден өту, граната лақтыру, ЖӘҚЖ-ды уақытқа киіп үлгеру, ату қару-жарағынан практикалық сынақ тапсыру және одан да қызықты сайыстар ұйымдастырылған. Ең қажеттілігі командалық рух және барлық ұжымның ұйымшылдығы.
3-кезең: Автомат АК-74-тен ату және жауынгерлік машинаны жүргізу.
Ойынның қорытындысы бойынша үздік команда анықталады. Жеңімпаздарды медальдар, кубоктар, дипломдар мен сыйлықтар күтуде.
Іс-шараның соңында квестке қатысушылар мен қонақтарға институт басшылығымен дәмді түскі ас (далалық әскери асхана) ұйымдастырылған.
Аккредитация бойынша 2019 жылғы 20 сәуірдің сағат 18.00-ге дейін төменде көрсетілген телефонға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Лимара – 87017945279, Аида — 87077900309.
Журналистердің жиналуы 2019 жылғы 23 сәуір сағат 7.00-де Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің қасында. (Сатпаев-Назарбаев көшелерінің қиылысы).
Мекенжай: Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығы (полигон).

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *