«Сонда көрер жарығымыз қайсы?…»

937

Замандас құрбы-достар, адамда, жалпы халықта ниет, пейіл, пиғыл деген ұғымдар болады. Бәріміз өзгеріс күттік. Сол өзгерістер бола қалып еді, бізді ниет емес, пейіл емес, пиғыл, онда да теріс пиғыл иектеп кеткені несі? Әрине, ол өзгерістер біз күткендей керемет емес шығар, бірақ әлемнің күрт өзгере кеткенін, әсіресе жақсы жағына дереу өзгергенін қашан көріп едіңіздер? Ондай ғажайыпты адамзат баласы жаратылғалы бастан кешірген емес.
Фб-ға кірсем болды, осындай теріс пиғылдардан жиіркеніп кетемін. Өмірді сәл де болса танығымыз келіп жүріп, мынаны байқағандаймыз: өзің жақсы нәрсе істеуге тырыс. Пейілді бол, жақсы нәрседен ниет ет. Пиғылыңды ішіңде ұста.
Психологтар тілімен айтқанда, біз жаман пиғылды жинап жатырмыз, жинап жатырмыз. Ал халықтың ниеті жаман болса, сол жаман. Ресейдің 2000 жылдары атқа мінген бір шенеунігі айтып еді: «Қазір біздің ел қан тілеп тұр», — деп. Тілеген қаны келді ақыры. Сол көрші елдің атақты актері Олег Табаков бір сұхбатында: «Страна за теми, кто есть», — деген.
Біздің ел де пиғылы жаман «біздің қолда» болса, қиындау екен…
Күлкілі, теріс, ақылға сыймайтын, ашуды қоздыратын жағдайларды бәріміз байқаймыз, бірақ қоясын ақтарған сайын, ол мұрынды, тамақты, көзді, қысқасы, бүкіл сананы тұмшаламақ. Сонда көрер жарығымыз қайсы?.

Есей Жеңісұлының фейсбук парақшасынан 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *