«Әруақ» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

284

14 мамыр Алматыда Chaplin MEGA Alma-Ata кинотеатрының полемиялық клубында «Әруақ» атты көркем фильмнің көрсетілімі өтті. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Көрсетілімнен кейін фильм жасаушылардың қатысуымен фильмді талқылау шығармашылық кездесу шарасы өтті. Көрермендер мен журналистердің сұрағына сценарий авторы, режиссер Хуат Ахметов, басты рөлді орындаушы, қазақ кинематографиясының мэтрі Асанәлі Әшімов және фильмнің ең жас актері Нұрмұхаммед Асқар жауап берді.

«Аруақ» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді, және де 16 мамырдан бастап қазақстандық прокатқа кеңінен таратылады.

— Ең алдымен, фильмнің авторы — Асанәлі Әшімов деп айтқым келеді. Бірде ол құр далада тұратын, жалғыз кәрі кісі туралы фильм түсіруді ұсынған болатын. Ол жас ұрпаққа қатысты көзқарасы мен өзінің өмірлік қағидалары, постулаттар туралы айтқысы келген. Фильм арқылы көрермендерге жеткізсем екен деген мақсатпен айтылған әңгіме, — деді Хуат Ахметов.

Әшімов кішкентай Нурмухаммедпен қалай оңай жұмыс істегенін айтты. Фильмнің сюжеті бойынша оның асыраушысын ойнайтын Нұрмұхаммед ол үшін жақсы серіктес болды. Мэтр сондай-ақ «Әруақ» фильмінің атауын ол ойлап тапқанын және де неге олай атап айтқанын айтып берді.

«Әруақ» фильмі жайлы: Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *