Еліміздің төрт қаласында «Қазақстанды Жасылдандыруға Қатыс» науқаны өтуде

321

Урбанисттер қалаларды қалай тұрғызатындары, қала құрылысының заманауи беталыстары және экологиялық ғимараттардың болашағы жайлы №1 Алматы балалар үйінің тәрбиленушілеріне белгілі алматылық сәулетші Эльдар Хасанов айтып берді. Балалар ғимараттардың пішіні өзгеше бола алатыны, ауада немесе суда орналаса алатыны, кеңістікте қозғала алатыны туралы білді. Ең бастысы, заманауи сәулеттің экологияны сақтауға бағытталатынын түсінді. Үйлер жер қуатының есебінен жылытылып, жарықтандырылуымен қатар, дизайнында жасыл көшеттерге арналған кеңістікті де қамтуы мүмкін.

«Мен балаларға экоқалалар тұрғызу үшін қажетті жаңа кәсіптер жайлы әңгімеледім. Біздің қалалар көгалдандыруды қажет етеді. Қазақстанда тапсырыс берушілерге экоүйлер ұсынатын мамандар бар. Алайда, бастапқы құны бойынша экоқұрылыстар қымбатырақ және адамдар олардан бас тартады. Экологиялылыққа шығындардың орны жылдам толады. Бүгінгі тыңдаушылардың арасында болашақ экоурбанист бар шығар. Балалар сәулет және дизайн жайлы әңгімені үлкен қызығушылықпен тыңдады», — деп санайды Эльдар Хасанов.

Балалар үйінде сөз сөйлеуге сәулетшіні Henkel компаниясы шақырды. Бұл компания «Қазақстанды Жасылдандыруға Қатыс» науқанының шеңберінде Қазақстанда ағаш отырғызуды қатарынан бесінші жыл жүргізуде. Науқан кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларында шамамен екі мың ағаш отырғызылды. Биылғы жылы тағы 185 көшет отырғызылады.

«Жыл сайын біз тек қана ағаш отырғызып қоймай, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын өткіземіз. Бұл жолы біз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін эко-квест ұйымдастырдық. Сәулетшінің әңгімесімен шабыттанған балалар қағаздан, пластилиннен және қолда бар басқа заттардан жасалған экоүйлер мен экокөліктің өз нұсқаларын ұсынды. Шараның соңында біз бірлесіп 35 көшет отырғыздық», — деп бөлісті «Henkel» компаниясының сатылымдар бөлімінің жетекшісі Глеб Абдуллин.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Гудзеева әнші болуды армандайды. Ол арманы орындалса, экологиялық науқандарды өзі өткізе алатынына сенімді.

«Маған болашақ үйлері өте ұнады. Олар әдеттегідей емес және экологияға мүлдем зиян келтірмейді. Егер танымал әнші болсам, экологияны қолдауға бағытталған шараларға қатысуға тырысатын боламын», — дейді Алина Гудзеева.

Николай Харлов 15 жаста. Ол есейгенде де өзі отырғызған ағаштың өсуін көру үшін балалар үйіне келіп тұратынына сенімді.

«Мен осында тұрғанымша ағашқа күтім жасайтын боламын. Осыннан көшкенде де келіп, менің ағашым деп айтамын. Оны мен отырғыздым. Ағаш отырғызу маған ұнады және болашақта әлі де көп жасыл көшеттер отырғызамын деп үміттенемін», — дейді Николай Харлов.

Бүгін №1 облыстық балалар үйінде жиырма үш үйірме бар, олардың он сегізін волонтерлер жүргізеді.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *