Тұңғыш Президент Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады

377
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында Әсет Исекешев Қордың 2019 жылы атқарған жұмысы, сондай-ақ дарынды жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Қордың атқарушы директоры Елбасыға Қордың білім, мәдениет, халықаралық қызмет саласындағы, сарапшылық-талдамалық жұмысты күшейту және басқа да мәселелерге қатысты жаңа жұмыс бағыттары мен бағдарламаларын таныстырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *