ҚазҰУ — сапалы білім мекені

97

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орны. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады.

1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған. Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, Технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ-де көпсалалы білім беру жүйесі қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары профессиональды білім (магистр), докторантура. ҚазҰУ мемлекеттік білім беру гранттары және келісім бойынша студенттерді қабылдайды. Университет 180-нен астам мамандықтарды даярлайды.

Дұрыс таңдау бұл — «Журналистика» мамандығы болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламары бойынша «Журналист» мамандарын дайындауда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

QS World University Ranking халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеуіне сәйкес, ҚазҰУ 2019 оқу жылы әлемнің 1000 үздік университеттерінің арасында 220 орынды иеленді. QS Университетінің Еуропа және Орталық Азиядағы дамушы елдердегі (QEC University Rankings EECA 2019) рейтингісінде ҚазҰУ 300-нен 19-шы орынға ие болды. Екі рейтингте де ҚазҰУ Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарының арасында ең жоғары рейтингке ие болды.

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен.

Альжанова Айгерім,

 ҚазҰУ доценті




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *