Атырауда жыл соңына дейін Исатай — Маxамбет алаңы ашылады

500

Ашылу салтанаты биылғы жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба құрылысына алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды қолданады.

— Алаңға 50 мың шаршы метрді құрайтын автоматты суару мүмкіндігі бар 2000-ға жуық гүлзарлар орналастырылады, осылайша адам факторы толығымен алынып тасталады. Суару жүйесі компьютермен басқарылатын болады. Сол технологиямен алты бассейн мен субұрқақ жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қаптау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін барлық заманауи материалдар, гранит және мәрмәр қолданылады, — деді «БатысАльянсСтрой» ЖШС бас директоры Әділ Жұбанов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *