Зеленскийге қазақстандықтардың құттықтауын жеткізді

359

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президентімен кездесті, — деп хабарлайды Kazgazeta.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  2019 жылғы 20 мамырда Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.

«Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі», — делінген хабарламада.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *